Ақ үй өкілі террорлық шабуыл қаупі барын айтады

Ақ үйдің терроризммен күрес жөніндегі өкілі Джон Бреннан.

АҚШ президентінің терроризммен күрес жөніндегі кеңесшісі Джон Бреннан 2001 жылғы қыркүйектің 11-і болған террорлық шабуылға он жыл толған күні Усама бин Ладеннің АҚШ-қа қарсы жаңадан шабуыл жасауды көздегенін мәлімдеді. Бреннан бұл туралы америкалық Пи-би-эс телеарнасына берген сұқбатында айтқан.

Оның сөзінше, биыл мамыр айында АҚШ арнайы әскери тобы Усама бин Ладеннің көзін құртқан үйден табылған құжаттар "әл-Каида" басшысының әлгіндей ниеті болғанын айғақтайды.

Әйткенмен, бин Ладеннің көзі жойылды деп тоқмейілсіп, қырағылықты жоғалтуға болмайды, жаңа соққы беруге "бел буып отырған" әртүрлі экстремистер топтары бар деп ескертеді Джон Бреннан.