Ауғанстанда жол бойына қойылған бомбадан 10 адам қаза тапты

Ауғанстан күштері жол бойына қойылған бомбалық жарылыс орнында. сәуір. 2011

Ауғанстан билігінің хабарлауынша, жол бойына қойылған бомба жарылыстары 10 ауғандықтың өмірін қиды.

Пактика провинциясында алты адам қаза болған бірінші жарылыс Пәкістанмен шекаралас Бармал ауданында, сенбі күні түсте болған.

Ал бір ер адам мен екі бала және бір әйелдің өмірін әкеткен екінші бомба Құндыз провинциясында түнде жарылды.