Жапон үкіметінің баспасөз хатшысы министр қызметіне ұсынылды

Юкио Эданоның жапон үкіметінің баспасөз хатшысы кезіндегі суреті. 19 ақпан 2011 жыл.

Жапония премьер-министрі Ёсихико Нода елдің сауда министрі қызметіне үкіметтің бұрынғы баспасөз хатшысы Юкио Эданоны ұсынды.

Юкио Эдано наурыздың 11-і болған зілзала мен цунамиден зардап шеккен "Фукусима-Дайичи" атом электр станциясындағы апаттан соң үкімет өкілі ретінде көпшілікке танылған еді.

Оның алдында сауда министрі болып тағайындалған Ёсио Хачиро бұл қызметте бар болғаны сегіз-ақ күн отырды. Апат болған АЭС аймағын "ажал қаласы" деп айтып қалғаны үшін дау-жанжалға қалған Хачиро өткен сенбі күні отставкаға кетті.