Сириядағы адам шығыны туралы ақпараттар әртүрлі

Сирия президентінің кеңесшісі Бутайна Шабан Ресей ақпарат құралдарына сұқбат берді. 12 қыркүйек. Мәскеу.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссары бүгін Сирияда билікке қарсы наурыз айында басталған наразылық шерулерінде кемінде 2 600 адам қаза тапты деді.

Нaви Пиллэй "бұл көрсеткіштер сенімді бұлақтардан алынған ақпараттар негізінде жасалды" дейді. Оның бұл айтқаны БҰҰ-ның ресми өкілдері келтірген есептен 400 адамға көбірек.

Бұл тұста Ресейде жүрген президент Башар әл-Асадтың кеңесшісі Бутайна Шабан Сириядағы толқуларда 1 400 адам қаза тапты, оның 700-і қауіпсіздік күштері болса, қалғаны оппозиция белсенділері деген еді.