Пәкістанда қарулы топ 4 баланы өлтіріп кетті

Пешавардың мектепке бара жатқан балалары. Көрнекі сурет.

Пәкістан полициясының хабарлауынша, Пәкістанның Пешавар қаласы маңында қарулы топ мектеп оқушыларының автобусына шабуылдап, 4 бала мен жүргізушіні өлтіріп кеткен.

Оқиға Пәкістанның тайпалы Маттани ауданында болды. Басқа мәліметтер түскен жоқ.

АҚШ бұл аймақты әл-Қаида белсенділерінің мекені деп біледі.