Талибан Кабул орталығында шабуылдар жасады

Кабул қаласының орталығы

Ауғанстан астанасы орталығындағы елшіліктер жанында қатты жарылыстар мен атыс болды.

Талибан өкілі өздерінің қарулы жасақтары мен жанкештілері Кабулдағы үкіметтік ғимараттарды нысанаға алып, шабуылдар бастағанын айтты.

Жергілікті полиция АҚШ елшілігі мен басқа да дипломатиялық мекемелер жолын жауып, қарулы топқа кедергі жасаған. Шабуылдың жалғасып жатқаны жайлы басқа мәліметтер әзірге толық түскен жоқ.