Пәкістанда жарылыстан ондаған адам мерт болды

Жанкешілік террорлық шабуыл болған жер. Шина Самар Баг, төменгі Дир, Пәкістан. 15 қыркүйек 2011 ж.

Пәкістанның солтүстік-батысында террорлық шабуылдан кемінде 30 адам мерт болып, 70-ден аса кісі жараланған.

Хабарларға қарағанда, тәліптерге қарсы болған ақсақалды жерлеу кезінде жанкешті жарылғыш затты іске қосқан. Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас өзге аймақтарындағыдай, төменгі Дир ауданында тәліптер мен әл-Қаида бүлікшілері белсенді әрекеттер жасайды.