Әлемнің ықпалды елдері қаржы дағдарысын ауыздықтауға сөз берісті

ХВҚ-ның өкілі Грекияда қарыз дағдарысын талқылады. 19 қыркүйек.2011

Ғаламдық қаржы жетекшілері Еуропаның қаржы дағдарысын реттеу үшін бірлесіп нақты әрекеттерге көшуге сөз берді. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы кездесуінде айтылды.

Өткен аптада Грекияның қарыз дағдарысы Еуропаның басқа да елдеріне жайылады деген жаңа қауіптер айтыла бастағанда, әлемдік биржаларда нарық бағасы түсіп кеткен.

ХВҚ-ның жетекшісі Кристина Лагард еурозонадағы 17 ел шілде айларындағы уәделерінде тұрып, қорға көбірек қаржы салулары қажет деген.

АҚШ-тың қазына істері жөніндегі хатшысы Тимоти Гайтнер Еуропадағы домино үлгісіндегі дефольтардың алдын алатын уақыт өтіп барады деді. Қытайдың орталық банк басшысы Еуропадағы қаржы тұрақтылығын қалпына келтіру үшін шұғыл әрекеттерді қолға алуға шақырды.