Ирақтың Кербала қаласында жарылыстар болды

Кербалада террорлық шабуыл құрбандарын жерлеу рәсімі. 13 қыркүйек. 2011

Ирақтың қасиетті қаласы Кербалада бірнеше жарылыс болып, кемінде 9 адамның өмірін қиды. Шабуылға жауапкершілікті әзірге ешкім алған жоқ.

Кербала қаласының денсаулық сақтау департаменті жарылыстардан тағы 99 адам жараланғанын айтты. Ол құрбандар саны тағы өсуі мүмкін деп отыр.

Бағдадтан 80 шақырым жерде орналасқан Кербала шийттердің қасиетті қаласы болып саналады. Бұл аймаққа сүннит жікшілдерінің шабуылы жиі болып тұрады.