Қазақстанның оңтүстігінде төрт адам көлік апатынан қаза болды

Жамбыл облысында жексенбі, 25 қыркүйек күні «Мерседес» маркалы екі көлік соқтығысып, төрт адам (екі жүргізуші мен екі жолаушы) қаза тапты, екі кісі жараланды.

Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, апат Тараз-Түймекент көлік жолының 23-шақырымында болған.