Пәкістанда көлік апатынан кемінде 30 кісі қаза болды

Мирпур елді мекені маңында апатқа ұшыраған мектеп автобусы, Пәкістан, 10 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясында дүйсенбінің кешінде автокөлік апатынан кемінде 30 адам мерт болды, олардың 24-і - мектеп оқушылары деп хабарлады жергілікті полиция өкілі. Апаттан ондаған адам зардап шеккен.

Оқушылар мен ұстаздарды саяхаттан әкеле жатқан автобус сайға құлап кеткен.

Полицияның хабарлауынша, апатқа тежегіштің істен шығуы себеп болған.