АҚШ қорғаныс министрі Таяу шығысқа сапармен келеді

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Таяу шығыс аймағына сапарын бүгін Израильден бастамақшы.

Бұл биыл шілденің 1-інен Пентагон басшысы қызметіне кіріскелі бері Панеттаның аталған аймаққа алғашқы сапары. Панетта бұл сапарында аймақтағы бейбітшіліктің сақталуы мен көршілердің қарым-қатынасының жақсаруына АҚШ-тың мүдделі екендігін тағы да қуаттамақшы.


Израиль басшылығымен кездескеннен соң АҚШ қорғаныс министрі Египет пен Түркияға барғалы отыр.