Израильде мешітке шабуыл жасалған

Иерусалим қаласының көрінісі. (Көрнекі сурет)

Израильдің солтүстігіндегі Туба Зангари елді мекеніндегі мешітке өткен түнде белгісіз біреулер өрт қойған. Қаскүнемдер мешіттің қабырғасына иврит тілінде жазу жазып кеткен дейді полиция өкілдері.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мешітті ойрандап кеткендердің ісін айыптап, тергеу орындарына бұны жасағандарды анықтап табуды бұйырған.