Ливияда ұлттық өтпелі кеңес күштері Сирт қаласының шетіне енді

Сирт қаласы үшін ұрыс жүріп жатыр. Ливия, 3 қазан 2011 ж.

Ливияда Ұлттық өтпелі кеңес әскері Сирт қаласының оңтүстік бөлігіне енгені туралы ақпарат тарады. Ливияның биліктен тайдырылған бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафи осы қаланың тумасы екендігі белгілі.

Сирт қаласы үшін жаңа билік күштері мен Каддафиді жақтаушылар арасында бірнеше аптаға жалғасқан ұрыстардан соң қалада гуманитарлық жағдайдың нашарлап кеткендігі жайлы хабарланды.

Муаммар Каддафиді қолдаушылар Сирт пен Бени-Валид қалаларын бергілері келмей, қарулы қарсылық танытып жатыр..

Дүйсенбі күні Ұлттық өтпелі кеңес жаңадан уақытша үкімет құрылатыны туралы жариялады. Әйткенмен, оның құрамына алдыңғы кабинетте болғандар тағы еніп отыр. Ұлттық өтпелі кеңес өкілдері Ливияны Каддафидің жақтастарынан толық тазартқанға дейін қазіргі міндеттерін атқара беретіндерін айтып отыр.