Польша сайлауында Дональд Туск партиясы жеңіске жетті

Польша премьері Дональд Туск жексенбі күнгі сайлаудың алғашқы нәтижесін естіген сәтте. 9 қазан. 2011

Польша премьер-министрі Дональд Туск 1989 жылы коммунизм құлағаннан бергі екінші мерзімге сайланған бірінші үкімет басшысы болып отыр.

Оның "Азаматтық платформа" партиясы қазанның 9-ы күні өткен парламент сайлауында exit poll көрсеткіштері бойынша 40 пайызға жуық дауыс жинады.

Бұл оның қарсыласы Ярослав Качиньскидің "Заң және әділет" партиясы жинаған 30 пайыздан көбірек болып отыр.

Парламент сайлауының ақырғы қортындысы қазанның 11-і күні шығады. Бірақ Туск өз жеңісін мәлімдеп, Качиньски жеңілісін мойындап қойды.