Австрия президенті Әзербайжан мен Түркіменстанда газ мәселесін талқылайды

Австрия президенті Хайнц Фишер

Австрия президенті Хайнц Фишер Әзербайжанда жүр. Сейсенбі күні Бакуге барған Фишер бүгін Түркіменстанға аттанады. Австрия президенті бұл екі мемлекетке сапары барысында Еуропаға газ тасымалы мәселесін талқылап жатыр.

Фишер - Еуропа одағы еуропалық комиссияға түркімен газын Әзербайжанға жеткізетін құбыр салу туралы келісім гжасасқан соң Каспий теңізі маңындағы Әзербайжан мен Түркіменстанға барып отырған алғашқы еуропалық жетекші.

Еуропа одағы Каспий аймағынан Австрияға газ тасымалдауды көздейтін "Набукко" жобасына Әзербайжан мен Түркіменстанды да қосуды қалайды.