Жүз жастағы желаяқ Гиннестің рекордтар кітабына енді

Гиннестің рекордтар кітабы. (Көрнекі сурет)

Жасы 100-дегі Фауджа Сингх әлемде марафон жарысына жүгірген ең қарт желаяқ адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Қазанның 16-сында Канаданың Торонто қаласында 42 шақырымдық марафон қашықтығын ол сегіз сағат 25 минутта жүгіріп өткен.

Үнді азаматы Фауджа Сингх осымен сегізінші рет марафон жарысына қатысып отыр. Өз айтуынша, ол жүгірумен 80 жасынан айналыса бастаған.

2003 жылы ол марафонды 5 сағат 40 минутта жүгіріп өтіп рекорд жасаған. Ол кезде Фауджа Сингхтың жасы тоқсаннан асқан болатын.