АҚШ Сириядағы елшісін қайтарып алған

Сирия президенті Башар әл Асад пен АҚШ елшісі Роберт Фордтың Дамаскідегі кездесуі. 27 қаңтар. 2011

Батыс елшіліктерінің мәліметіне қарағанда, АҚШ Сирияда президент Башар әл Асад режиміне қарсы наразылықтар күшейген тұста бұл елдегі елшісін қауіпсіздік жағдайына байланысты қайтарып алды.

Америкалық елші Роберт Форд Сириядан өткен демалыс күндері шығып кеткен. Соңғы бірнеше айда АҚШ елшісі Сирия үкіметін шерушілерге қарсы күш қолданды деп сынап келген. Асадтың жақтастары оның ұстанымын Сирияның ішкі ісіне араласты деп қабылдады.

БҰҰ-ның есебі бойынша, наурыз айында басталған режимге қарсы наразылық шерушілерді күшпен басқанда, 3 мыңнан аса адам қаза тапты.