Ресейдің Үлкен театры бүгін қайта ашылады

Мәскеудегі Үлкен театрдың басшысы Василий Синайский. 21 қыркүйек 2011 жыл.

Ресейдің Үлкен театры алтыжылдық үзілістен кейін бүгін қайта ашылады.

Мәскеу уақыты бойынша кешкі сағат 7-де театрдың музыкалық директоры Василий Синайский алғашқы гала-концертті бастайды. Оған президент Дмитрий Медведев те қатысады.

2005 жылдың шілде айында Үлкен театрда соңғы қойылым көрсетіліп, қайта құру жұмыстарына байланысты бұл тарихи ғимарат жабылған болатын.