Ауғанстанда БҰҰ ғимараты жанындағы жарылыстан үш адам мерт болды

Ауған армиясы мен полиция күштері бүлікшілер шабуыл жасаған жерге кетіп барады. Қандағар, Ауғанстан, 27 қазан 2011 ж.

Бүгін таңертең Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында БҰҰ-ның гуманитарлық миссиясының ғимараты алдында жарылыс болды.

Полицияның хабарлауынша, жанкешті бомба қойылған автокөлікті жарып, соның салдарынан ғимараттың үш күзетшісі қаза болған.

Ассошейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, сол маңдағы малдәрігерлік клиниканы басып алған. Қазір полиция күштері олармен ұрыс жүргіззіп жатқаны туралы хабарланды.

Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті тәліптер өз мойнына алды.