Құрбан айт мерекесі басталды

Қазақстандықтар құрбандыққа мал дайындап тұр.

Бүгіннен бастап үш күн әлем мұсылмандары - Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатыр.

Құрбан айт мейрамы жыл сайын хижра - мұсылман күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Шариғат бойынша Құрбан айт күндері мұсылмандар құрбандыққа мал шалады.

Қазақстанда Құрбан айттың алғашқы күні демалыс деп жарияланған, бірақ осы жылы ол демалыс күніне сәйкес келді.