Египетте жол апатынан венгриялық 11 турист қайтыс болды

Хургада шөлінде аударылып қалған туристік автобус. Египет, 31 қаңтар, 2006 жыл.

Египетте венгриялық туристерді алып келе жатқан автобус жол апатына ұшырап, 11 адам қаза тапты, 27 адам жараланды.

MENA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жол апаты Каир қаласының оңтүстігіндегі Хургада курорты аймағында, Қызыл теңізге таяу маңда болған. Туристерді қонақ үйден әуежайға әкеле жатқан автобус қатты жүріп, аударылып кеткен.

Египет билігі қазір Каирдегі венгр елшілігімен бірге қайтыс болғандарды еліне жөнелту мәселесін қарастырып жатыр.