Қазақстан сыртқы істер министрі АҚШ елшісімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Астана, 16 қазан, 2011 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов бүгін АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фейрфакспен кездесті.

Екі жақ ядролық қаруды таратпау және Еуропа мен Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады. АҚШ елшісі "Қазақстан мен АҚШ-тың қарым-қатынасы екі жақ үшін де маңызды" екенін айтты.

Кеннет Фейрфакс АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне биыл күзде кірісті.