Қазақстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Жамбыл облысындағы Тараз қаласында атыс пен жарылыстан бес адам мерт болған.
"Қарашаның 12-сінде Тараз қаласындағы бір қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуылы жасалып, бір күзетші өлтірілді, тағы бір адам жараланды. Сонымен қатар 2 "Сайға" мылтығы ұрланды. Шабуылдан кейін қылмыскер қашып кетті", - делінген сенбі күні баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
"Қылмыскерді қолға түсіру әрекеті барысында 2 полиция қызметкері оққа ұшты. Орталық дүкендердің бірі жанында тұтқындау операциясы барысында жараланған қылмыскер өзін-өзі жарып жіберді, нәтижесінде полиция қызметкері қаза болды", - делінген министрлік баспасөз қызметінің мәлімдемесінде деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.