Ресей Тәжікстан азаматтарын елдеріне қайтара бастады

Көкөніс базарында жұмыс істеп жүрген тәжік жұмысшысы. Мәскеу. 11 қараша, 2011 жыл.

Ресей бүгін тәжік мигранттарын елден шығара бастады. Тәжікстанның көші-қон қызметі Мәскеудің 11 тәжік азаматын Ресей заңнамаларын бұзды деген айыппен елге қайтарып жібергенін хабарлады. Олар соңғы күндері Мәскеуде тұтқындалған 300-ге жуық Тәжікстан азаматтарының қатарында болған.

Ресейдің бұл қадамы Тәжікстан соты өткен аптада ресейлік әуе компаниясында жұмыс істейтін екі ұшқыш - Владимир Садовничий мен Эстония азаматы Алексей Руденконы сегіз жарым жылға соттағаннан кейін жасалды. Тәжікстан соты көктемде ұсталған ұшқыштарды елге заңсыз ұшып келіп, ұшақ бөлшектерін сатумен айналысқан деп айыптады.