ФИФА басшысы нәсілшілдікке қатысты сөзіне кешірім сұрады

ФИФА президенті Зепп Блаттер.

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Зеп Блаттер нәсілшілдік туралы айтқан соңғы сөзіне байланысты кешірім сұрады.

Зеп Блаттер қарашаның 16-ы күні футбол ойыны кезінде спортшылардың кейбір қимыл-әрекеттері нәсілдік кемсітушілікті туғызады деп мәдімдеген. Ол мұның орнына ойын біткеннен кейін қол алысуды ұсынған.

Бұл жұртшылықтың наразылығын туғызып, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мен Дэвид Бэкхемнің отставкаға кетуін талап еткен болатын. Зеп Блаттер талапты "әділетсіз" деп атады.