Ливияда Сейф әл-Ислам ұсталды деп хабарланды

Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Ислам. Триполи, 23 ақпан 2011 жыл.

Ливия ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, өлтірілген Муаммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Ислам елдің оңтүстігінде тұтқындалған. Бұл туралы Ливия әділет министрі Мохаммед Әл-Алаги мәлімдеген.

Қазан айында Сиртте Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафи атып өлтірілген соң Сейф әл-Ислам қашып кеткен болатын.

Халықаралық трибунал оған "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деген айыпт тағып отыр. Сейф әл-Ислам өзінің кінәсіз екенін мәлімдеген болатын.