Назарбаев сенатқа жеті депутат тағайындады

Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы. Астана, 14 қаңтар 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 23-і күні парламент сенатына депутаттар тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы ақпарат президенттің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан президентінің жарлығымен жеті адам - Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев, Берік Имашев, Қайрат Мәми, Бауыржан Мұхаметжанов, Ерлан Нығматулин және Людмила Полторабатько парламент сенатының депутаты болып тағайындалды.