Ресейде президент сайлауының мерзімі белгіленді

Ресей мемлекеттік думасының ғимараты. Көрнекі сурет.

Ресейдегі президент сайлауы 2012 жылы наурыздың 4-інде өтетін болды. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресей парламентінің жоғарғы палатасы сайлау мерзімін бірауыздан қолдаған.

Бұған дейін Ресейдің орталық сайлау комиссиясының өкілі сайлау туралы заңға сүйеніп, президент сайлауы шілдеде өтетінін айтқан.