Қазақстан патриоттары партиясы тізіміне 22 адам енді

Сенат депутаты Ғани Қасымов. Алматы, 1 шілде 2011 жыл.

Қазақстан патриоттары партиясы бүгін Алматыда съезін өткізіп, кезектен тыс парламент сайлауына қатысатын үміткерлер тізімін жариялады.

Оған 22 адам енді деп хабарлайды партияның интернеттегі ресми парақшасы. Сонымен қатар съезде партияның сайлауалды тұғырнамасы бекітілді.

Аталмыш партияны сенат депутаты Ғани Қасымов басқарады.

Қазақстанда 15 қаңтарда парламенттік сайлау өтеді.