Иран Британиямен байланысын шектейтін қарар қабылдады

Иран парламенті Ұлыбританияның Тегеранға қарсы санкцияларды күшейту шешіміне жауап ретінде бұл елмен дипломатиялық және экономикалық байланыстарды азайтуға шақыратын қарар жобасын мақұлдады.

Қарашының 23-де Ұлыбритания, АҚШ және Канада МАГАТЭ-нің Тегеран ядролық қару жасап жатыр деген мәлімдемесінен кейін Иранға қарсы санкциялар енгізгенін айтқан.

Тегеран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін айтумен келеді.