АҚШ Бағдадтағы ірі әскери базаны Ирак үкіметіне тапсырды

АҚШ бүгін Бағдад маңындағы ірі Кэмп-Виктория әскери базасын Ирак үкіметіне тапсырды.

АҚШ әскерилерінің өкілі офицер Бэрри Джонсон базаны тапсыру жөнінде ресми келісімдерге бүгін қол қойылғанын хабарлады. База қазір толықтай Ирак үкіметінің бақылауына өтті.

Кэмп Виктория базасы 2003 жылы Саддам Хусейн тақтан түскелі бері АҚШ әскерилерінің басты орталығы қызметін атқарып келді.