Словениядағы парламент сайлауында премьер министр биліктен айрылуы мүмкін

Cловения премьер-министрі Борут Пахор мен Косово президенті Атифет Яхьяга. 19 шілде. 2011

Словенияда парламент сайлауы басталды. Бақылаушылардың айтуынша, бұл дауыс беруде солшыл премьер-министр Борут Пахор Еуропадағы қарыз дағдарысына қатысты билігін жоғалтқан соңғы еуропалық жетекші болады.

Алдын ала жүргізілген сауалнамалар бойынша, Пахордың Социалистік демократтар партиясы үшінші орынға түсіп қалған.

Еуро зонаға кіретін 17 елдегі қарыз дағдарысынан Португалия, Грекия, Италия және Испания үкіметтері ауысты.