Мәскеудегі Қазақстан елшілігі алдында пикет өтті

Мәскеудегі Қазақстан елшілігі алдына жиналған азаматтық белсенділер 16 желтоқсан күні Жаңаөзенде құрбан болғандардың рухына тағзым етіп, еске алу шарасын өткізді.

Олар гүл әкеліп, Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін ұстап тұрмақ болды деп хабарлайды ВВС.

Белсенділердің бірі полиция күштерінің де шоғырланып жатқанын айтқан. Әзірше ұсталғандар жайлы дерек жоқ.

Ресми мәлімет бойынша, Жаңаөзенде кешегі оқиға кезінде 10 адам қайтыс болды.