"Самұрық-Қазынаның" жаңа басшысы тағайындалды

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының жаңа басшысы Өмірзақ Шүкеев. Ақтау, 24 желтоқсан 2011 жыл.

Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевты босатып, орнына бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеевті тағайындады деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Өмірзақ Шүкеев сондай-ақ Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған комиссияны да басқара береді" деп хабарлады баспасөз қызметі.