Гаага соты Каддафидің ұлын жеткізу мерзімін ұзартты

Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам Зинтан қаласында қамауда отыр. Ливия, Зинтан, 19 қараша 2011 жыл.

Гаагада орналасқан халықаралық қылмыстық сот Ливияға Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламды ұйымға тапсыру мәселесін шешуге қосымша уақыт берді. Гаага сотының Ливия үкіметіне берген мерзімі аяқталған болатын.

Гаага соты үш апталық мерзім "сот процесін себепсіз кешіктіреді" деп, қаңтардың 23-іне дейін аталған мәселені шешуді тапсырды.

Өткен жылдың маусым айында Гаага соты Саиф әл-Исламға "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деп айып таққан болатын. Ал қарашада, әкесі Муаммар Каддафи қаза болғаннан бір айдан соң оның өзі тұтқындалды. Қазір ол Зинтан қаласында қамауда отыр.