Мәсімов: "Самұрық-Қазына" қайта құрылымдалмайды

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

"ҚазМұнайГаз" және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниялары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының қарамағынан мұнай және газ министрлігі мен көлік және коммуникация министрлігіне берілмейтін болды. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Ресейдің "Коммерсантъ-Online" басылымына берген сұхбатында Мәсімов аталған компаниялардың тиісті министрліктерге берілетіні туралы ақпарды терістеп, Самұрық-Қазына" қорының бұрынғы құрамда жұмыс істей беретінін жеткізген.

Премьер-министр таяу аптада президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа үкіметтің құрамы және кадрлық мәселелер бойынша жаңа ұсыныстар жасайтынын да айта кеткен.