Индонезияда дауыл құрбандарының саны өсіп барады

Тропикалық циклон – дауыл салдарынан опат болғандардың саны14-ке жетті, 60 адам түрлі жарақат алды.

Ява аралының тұрғын аудандарында екі мыңнан астам үйлер қираған. Дауыл көптеген ағаштарды түп-тамырымен қопарып кеткен.

«Игги» циклоны Үнді мұхитының оңтүстік жағалауындағы индонезиялық аралдардан басталған, қазір оның екпіні бәсеңдеп, Индонезиядан алыстап барады.