Украинада үсік шалған 30 адам қайтыс болды

Украинаның төтенше жағдайлар министрлігі бес күннің ішінде 30 адамның үсіп өлгенін хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Украинада қатты аяздан 500 адам түрлі деңгейдегі үсікпен ауруханаға түскен. Олардың көпшілігі үйі жоқ адамдар.

Украинадағы аяз -33 С-ден асқан. Орталық және Шығыс Еуропаның басым бөлігінде де ауа райы қатты суытып тұр.