Назарбаев Германияға ресми сапармен барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия федеративтік республикасына ресми сапармен барды деп хабарлады президенттің ресми веб-сайты.

Сапар барысында Назарбаев федералдық президент Кристиан Вульф,  канцлер Ангела Меркель және басқа да ресми тұлғалармен кездеседі деп жоспарланып отыр. 

Сапар ертең, ақпанның 8-інде аяқталмақ.