Ливия кеше елдегі Сирия димломаттарын 72 сағаттың ішінде елден кетуге бұйрық берді.
Ливияның Ұлттық өтпелі кеңесі өткен жылдың қазан айында Сирияның оппозициялық ұлттық кеңесін заңды билік органы деп ресми түрде мойындаған еді.
Ливияда тұратын сириялықтар да Сирия президенті башар әл-Асадқа қарсы тұрақты түрде наразылық шараларын өткізіп келеді. Өткен аптада да олар Триполидегі Ресей мен Қытай елшіліктерінің алдында наразылық акциясын өткізген болатын.
4 ақпанда Қытай мен Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Араб лигасының Сирияға қатысты ұсынған қарарына вето қойған. Қарар Башар әл-Асадтың билікті өткізіп беріп, қақтығыстарды тоқтатуды қарастырады.