Жовтис пен Күшіков түрмеден шықты

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис.

Бүгін төрт жылға сотталған құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшіков рақымшылық заңына сай мерзімінен бұрын босап шықты. Бұл туралы Азаттық радиосына Евгений Жовтистің өзі хабарлады.

Ақпанның 1-і күні Өскемен қалалық соты Евгений Жовтис пен журналист Тоқнияз Күшіковті рақымшылық заңына сәйкес мерзімінен бұрын түрмеден босату туралы 15 күннен кейін күшіне енетін қаулы шығарған.

Евгений Жовтис пен Тоқнияз Күшіков 2009 жылы абайсызда көлікпен адам қағып өлтіргені үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді.