Тибетте бір монах өзін-өзі өртеді

Қытай билігіне қарсы ұрандап шыққан тибеттік монах. Көрнекі сурет.

Лондонда орналасқан "Тибет қозғалысы ұйымы" Қытайда кеше тағы бір монахтың өзін-өзі өртеп жібергенін хабарлады.

Ұйым Сычуань провинциясында Нангдрол есімді монахтың үкіметке қарсы ұрандар айтып, өзін-өзі өртеп жібергенін айтады. Бұдан соң монахтар оның денесін монастырьге алып кеткен. Полицияға оның сүйегін бермеу үшін 1000-ға жуық монах ол жерді қоршап тұрған. 

"Тибет қозғалысы ұйымының" мәліметінше, Қытайда соңғы бір жылда Бейжің билігіне қарсылық танытқан 21 монах өзін-өзі өртеп жіберген.