Қосанов пен Әбілов тағы 15 тәулікке жазаланды

Алматы әкімшілік соты ЖСДП бас хатшысы Әміржан Қосанов пен саясаткер Болат Әбіловты "рұқсат етілмеген жиын ұйымдастыру әрекетін қайталады" деп 15 күнге абақтыға кесті.

Алматының әкімшілік соты олармен бірге әкімшілік істері қаралған оппозициялық журналист Бақытгүл Мәкімбай мен Ермұрат Бәпиге 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салған шешім шығарды.