"Алма ТВ": Ресейлік үш телеарнаны тарату тоқтайды

"Алма ТВ" кабельдік телеарна провайдері 1 наурыздан бастап Ресейдің үш телеарнасын трансляциялауды тоқтатады.

"Алма ТВ" таратқан хабарламаға қарағанда, 1 наурыздан бастап ресейлік "РТР Планета", "Россия 24" және "Россия К" телеарналарын трансляциялау тоқтайды.

Провайдер аталған телеарналардың басшылығымен телехабар тарату мерзімін ұзартуға қатысты келісімге келе алмағанын уәж етеді