Жаңаөзен бойынша 6 адамға рақымшылық жасалғаны хабарланды

Бас прокуратураның тергеу заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары Сапарбек Нұрпейісов Жаңаөзен оқиғасы бойынша қамалған алты адамға рақымшылық жасалғанын хабарлады.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Нұрпейісов мұны ақпанның 29-ы күні Жаңаөзен тұрғындарымен кездескенде айтқан.

Нұрпейісовтың айтуына қарағанда, қазір қамаудағы 29 адамның көпшілігінің "қылмысы ауыр болғандықтан" рақымшылыққа ілінуі екіталай. Дегенмен, қамалғандарға тағылған айыптар жеңілдеуі де мүмкін дейді Нұрпейісов.