Алматыда АҚШ азаматы ұсталды

Алматыда сөмкесінде радиоактивтілік деңгейін өлшейтін құрал табылған 55 жастағы АҚШ азаматы тұтқындалды деп хабарлады кедендік бақылау қызметі.

АҚШ азаматы 29 ақпан күні Алматыдан Ташкентке ұшатын кезінде тұтқындалған. Кедендік бақылау қызметінің хабарлауынша, оның сөмкесінен өлшеуіш құралдың бес данасы табылған.

Қазір тергеу жүріп жатыр.