Египетте президенттікке кандидаттарды тіркеу басталды

Бүгін Египетте президенттікке кандидат азаматтарды тіркеу науқаны ресми түрде басталды. Президент сайлауы 23 мамырда өтуі керек.

Бұл - елді көп жыл билеген Хосни Мүбәрәк 2011 жылы халық толқуы нәтижесінде биліктен кеткеннен кейінгі алғашқы президенттік сайлау.

Египетте бірнеше сатымен өткен парламент сайлауының нәтижесіне қарағанда, исламшыл партиялар көп дауыс жинаған.