Йеменде "әл-Қаиданың" 18 мүшесі қаза тапты

Йемен тауларында америкалық пилотсыз ұшақтардан жасаған соққылардың нәтижесінде "әл-Қаиданың" 18 жауынгері қаза тапты.

Йемен әскерилері басшылығының хабарлауынша, соққы "әл-Қаиданың" Абьян провинциясындағы әскери базаларына берілген.

Өткен аптаның жұма және сенбі күндері экстремистер орналасқан аудандарға Йемен әскерилері де соққы берген болатын. Одан "әл-Қаиданың" 33 жауынгері қаза тапқаны хабарланған.