Палестина-Израиль қақтығысы тоқтады

Египеттің ара ағайын болуымен Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс тоқтады. Бұл жөнінде жергілікті телеарнаға аты-жөнін атамаған шенеунік хабарлады.

9 наурызда Израильдің палестиналық жауынгерді өлтіруінен соң Палестина Израильге зымырандар атқан. Бұған жауап ретінде Тель-Авив Палестинаны әскери ұшақтармен бомбалады.

Дүйсенбіде палестиналық дәрігерлер Израильдің шабуылынан 25 адам қаза тауып, 80 адамның жараланғанын хабарлады.

БҰҰ, Ресей, Еуроодақ және АҚШ екі елді қақтығысты тоқтатуға шақырған.